Bugin
Фото: depositphotos.com
Аңыз бен ақиқат қатар жүрген өмірде шындықты тану да, табу да – күрделі. Бүгін атағы шыққан қорқынышты орындар туралы сөз қозғаймыз. Bugin.kz тілшісі әлемге танымал қорқынышты жерлер туралы деректерді назарларыңызға ұсынады.
Хамберстон және Санта-Лаура (Чили)
1872 жылы Чили шөліндегі аталған екі қала жақын маңда селитра өндіру мен игеруге байланысты өсіп, дамып жатты. Ұлы депрессия кезінде бәрі ыдырап кетті. Тау-кен компанияларының банкротқа ұшырауына байланысты зауыттардағы жұмыс тоқтатылды. 1970 жылға қарай екі қала да бірте-бірте қаңырап бос қалды.
Бұл қалалардың тұрғындары кедейлік пен аштықтан азаптанып, топ болып суицид жасады деген аңыздар бар. Қазір қаңырап бос тұрған үйлер мен ғимараттарды "түнде елес кезеді" деген әңгіме тараған.
Винчестер үйі (Калифорния)
Винчестердің үйі туралы қорқынышты әңгімелер өте көп. Ол – бір кездері атыс қаруы магнаты Уильям Вирт Винчестердің жесірі Сара Винчестердің жеке резиденциясы болған Калифорнияның Сан-Хосе қаласындағы сарай. Сан-Хоседе Королева Анна стиліндегі Виктория сарайы өзінің өлшемімен, сәулеттік ерекшеліктерімен және ғимараттың бас жоспарының жоқтығымен танымал. Аңызға сенсек, Винчестер өлтірген адамдардың рухы әлі күнге дейін атақты мылтықты жасаған зеңбірек шеберінің үйінде жүреді.
Қаңқалар көлі (Үндістан)
1942 жылы Үндістанның Уттаракханд қаласында қорқынышты дерек анықталды. Кішкентай аңғардың етегіндегі көл ери бастағанда, оның түбінен 500-ден астам адам қаңқасы табылды. Сарапшылар қалдықтардың біздің заманымыздың 850 жылында өмір сүргенін анықтаған. Қаңқалар наным-сенімнің жетегіне еріп, өзіне қол жұмсаған топқа тиесілі деген болжам бар.
Үмітсіздік үйі (Мексика)
Үмітсіздік үйі – Мексиканың Гуанахуато қаласындағы тарихи орын. XVIII ғасырда салынған бұл үй Тадео Фухенсио Мехиа үшін кісі өлтіру орнына айналған. Өлтіруші қайтыс болған әйелімен сөйлесу идеясын ойынан шығармайды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үйде үнемі паранормальды құбылыстар болып тұрады. Кейде тіпті зардап шеккендердің жан айқайы да естіледі.
Дереккөз: www.thevoicemag.ru