Bugin

Түркістанда 17 жастағы жігіт 14 жастағы қызды 7 рет зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында 17 жастағы жігіт 14 жастағы қызды 7 рет зорлаған. Бұл туралы Bugin.kz  тілшісі "Не молчи" қорының парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жігіт бір қызбен танысып,дос болған. Қызды қпышақпен қорқытып оны 7 рет зорлаған. Бойжеткен зорлау болғанын дәлелдеуге тырысудан титықтап кеткен. Жігіттің қызды қорқытқан әңгімелерінің стенограммасы бар.

Бойжеткен зорланғаны туралы біреуге айтуға қорыққан. Пышақпен зорлаған соң оның жыныс мүшесін орамалмен сүртіп, шағын автобуспен үйіне қайтарған. Сосын оның қаны бар орамалдың суретін жіберіп, біреуге айтсаң, балалар колониясына жібереміз деп қорқытқан.

Содан кейін зорлау оқиғасы қайталана береді. Сот отырысында жігіт қыздың өзін азғырғанын айтып, кінәсін мойындамады.

Сот отырысының бірінде күдіктіден жауап алу кезінде үзіліс жарияланған. Содан кейін жиналыс мүлде кейінге шегерілді. Ал енді прокуратура тек 2 жыл бас бостандығын шектеуді сұрап отыр.