Bugin

Елімізге белгілі актриса қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Актриса Торғын Тасыбекова 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Торғын Тасыбекова әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы сахналық-орындаушылық өнерімен көрермен ілтипатына бөленген. 

Актриса сомдаған 200-ге жуық рөл қазақ сахнасының қайталанбас мұрасы.

Халық әртісі асыл өнерді қастерлеудің озық үлгісін көрсетіп, өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрында қызмет етті.