Bugin

“Пәктігің 30 мың”: Тергеуші зорланған қыздың телефонынан дәлелдерді өшіріп тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева 12 жаста зорланған қыздың жанайқайын жеткізді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Адвокат осыдан 4 ай бұрын әлеуметтік желіге 12 жасында зорланған 14 жастағы қыздың ісін жариялаған еді. Сол іс бойынша тергеуші қыздың ұялы телефонындағы дәлелдер мен фотоларды өшіріп тастаған. 

"Қылмыстық іс тіркелген. Бірақ тергеуші қыздың телефонын алып тергеу кезінде ішіндегә фото, видеоларды өшіріп тастаған. Кейін іс қысқартылған. Бірақ ол дәлелдің бәрі менде бар. Сақталып қалғанын ұмытып кетіпті пысық тергеуші",- деп жазды Ләззат Рақышева.

Қызды зорлаған жігіт " пәктігіңді 30 мың теңгеге жасатып беремін" деп бопсалаған. 

Адвокат істің қайта қозғалғанын мәлімдеді.