Bugin
Фото: flectone.ru
Өскеменде екі жасар бала биіктен құлап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыстық ТЖД мәліметіне сәйкес оқиға Өскеменде болған. Көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен бала құлаған. Дәл сол кезде оның анасы үй шаруасымен айналысқан көрінеді. Алайда баладан бірнеше уақытқа көз жазған ана бүлдіршіннің терезеге қалай көтерілгенін, масадан қорғайтын торға сүйенемін деп құлап кеткенін байқамай қалған.
Қазір бүлдіршінді ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.