Bugin

Киіз үйде жалаңаштана билегендер сыналды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: razrisyika.ru

Қазақ үйде жартылай жалаңаштанып билегендер жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Желіде тараған ерсі видеоға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да жауап берді.

“ҚР Мәдениет және ақпарат министрі ретінде киіз үйде би билеп, бейәдеп әрекетімен қоғам назарын аудартқан бейнеролик туралы айтқым келеді. Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді,”- деп жазды министр желідегі парақшасында. 

Қазақша оюланған киім киіп, киіз үйде билегендерге қатысты:

“Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар дәстүрлі құндылықтарымызды сақтау мен насихаттауда ерекше жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық құндылықтардан бас тарту мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге және әдет-ғұрыптарымызға қашан да қауіп төндіреді,”- дейді ол.