Саясат

Үшінші мегаполисте электрондық коммерция орталығы жұмысын бастады

Шымкентте әлеуметтік жоба болып табылатын электрондық коммерция орталығы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкентте әлеуметтік жоба болып табылатын электрондық коммерция орталығы ашылды. Кәсіпкерлер «E-Commerce Center» деп аталатын орталықта онлайн-сауда және жеткізу бойынша кеңес ала алады және Қазақстан мен Өзбекстан бойынша тауарларды жеткізу шығындарын өтейді.

Кәсіпкерлікті қолдау мен оларға көмек көрсету - әкімдіктің басты мақсатының бірі болып табылатынын айтқан Шымкент қаласының басшысы Ғ.Әбдірахымов орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

 «Қазпошта» АҚ мен «Shymkent ӘКК» АҚ «E-Commerce Center» жобасын бірлесе жасап отыр. Уақыт өте келе, бұл орталық 3000 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Бүгінгі күні, әлемдік сауданың 60% - дан астамы электрондық ортаға көшкен және болашақта бұл сан өсетін болады.

Онда, е-commerce саласында алғашқы қадамын жасайтын кәсіпкерлер қайтарымсыз негізде оқытудан өтеді және меншікті сауда интернет-алаңдарын әзірлеуде, халықаралық сауданы жүзеге асыруда әдістемелік көмек ала алады. Көрсетілген қолдау шаралары Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл оңтүстік өңірінің электрондық коммерциясын дамытуға ықпалететін болады.