Bugin

Қазақстандық ауыр атлетші бесінші рет әлемдік рекорд орнатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ауыратлеттің рекорд орнатқан сәті. "Астана" арнасы

Ауыр атлетші Бауыржан Қамалиев 50 тонна ауыр ұшақты тартудан бесінші әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оны қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайберген тіркеді. Күш экстримінде бақ сынау үшін дайындалуға оған небәрі 1 күн берілген. Бауыржанның айтуынша, әскери адам қашан да физикалық тұрғыдан сақадай сай болуы тиіс.

Бауыржан Қамалиев бұған дейін 4 рет әлемдік рекорд орнатқан. Ол осыған дейін 32 тоннаға дейінгі ұшақтарды тартқан. Жаңа көрсеткішін ауыратлет полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арнады. Себебі, Бауыржан – отставкадағы  подполковник.

Ауыр атлет Бауыржан Қамалиев:

"Енді пендеміз ғой бар күшіңді, шабытыңды саласың. Ішкі істер министрлігінен хабарласып,  "Бауыржан дайынсың ба?",- деді. Полиция күніне орай рекорд жаңартуға ұсыныс айтты. Кеше түнде келіп осында дайындалдым. Әйтпесе білмегенмін",-деп айтты.

Бауыржан Қамалиев осылайша бесінші мәрте рекорд жасады. Қонақтарға экскурсия ұйымдастырылды. Ауыр атлетшінің өнерін тамашалап болғандар, мұнан соң әуебазаның инфрақұрылымымен танысты.