Bugin

Шымкентте тісін емдеткен бала дәрігердің инесін жұтып қойған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Шымкенттік дәрігерлер соңғы кезде балалардың бөгде заттарды жұтып қоюы жиі кездесіп жатқанын айтады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәрігерлер  тамағына тауық етінің сүйегі тұрып қалған нәрестені өлімнен арашалап алған. Тағы бір кішкентай науқастың өкпесіне тіс емдейтін ине тұрып қалған. 

Облыстық балалар ауруханасының эндоскопист дәрігері Бабыр Рахманқұлов:

"Тіс нервін алып тастаған дәрігердің айтуынша, бала процедура кезінде дәрігердің қолын тістеп алған. Осы кезде тіс дәрігері инені түсіріп, ол баланың тыныс алу жолына кеткен. Біз науқасқа наркозбен операция жасап, баланың өкпесіне зақым келтірмей бөгде затты алып тастадық",-деп айтты.

Дәрігерлер мұндай апат кенеттен орын алса, дереу медициналық мекемеге хабарласу керектігін айтады. Олар ата-аналардан балаларын ұзақ уақыт қараусыз қалдырмауды сұрайды.