Bugin

Жиендерін қарауға алған азамат оларға жыныстық зорлық жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қазақстан азаматы ата-анасынан айырылған өзбекстандық жиендерін қамқорлыққа алып, оларға жыныстық зорлық көрсеткен. Ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Өзбекстанның Балалар омбудсмені Сурайё Рахмоноваға сілтеме жасап хабарлайды. 

Балалар омбудсменіне 2000 жылғы әйелден өтініш түскен. Ол өз арызында ата-анасының қайтыс болғанын, содан кейін оның 2006 және 2012 жылы туған бауырлары Қазақстанда тұратын нағашысының қамқорлығына берілгенін айтқан.

Әйел нағашысы сіңлілеріне азғындық әрекет жасағанын айтқан. Осы себепті ол туысына заңды шара қолдануды және бауырларын Өзбекстанға қайтаруға және өзін заңды өкіл етіп тағайындауға іс жүзінде көмек көрсетуді сұраған.

Мәліметтерге қарағанда, ер адамды Қазақстан полициясы екі елдің билігімен бірлесіп 8 маусымда тұтқынға алған. Кәмелетке толмаған қыздар Алматы қаласындағы бейімдеу орталығына орналастырылып, оларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетілуде.

Хабарламада айтылғандай, ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан айыру бұлтартпау шарасы қолданылған.

Балалар омбудсмені, Ішкі және Сыртқы істер министрлігі кәмелетке толмаған қыздарды Өзбекстанға қайтару шараларын қолға алып жатқаны хабарланды.