Bugin
Фото: depositphotos.com
Синоптиктер 20-22 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күн бойы қалыптасқан аптап ыстықтың беті қайтады. 22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады.
Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты дауыл болуы мүмкін. Ал республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда күндізгі конвекция әсерінен әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды.