Bugin

Ғалымдар Марстан таңғажайып тастар тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: NASA

Марстағы ровер қауіпті төбелерді айналып өтіп бара жатып, Уашберн тауы деп аталатын төбеге тап болды. Төбе басқа төбелерге ұқсамайды. Оның бетінде әртүрлі тастар бар екен, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар тастарды егжей-тегжейлі зерттеді. Олардың әрқайсысының шығу тегі әртүрлі екені анықталды. Олар көне өзеннің ағынымен шөгіп жатса керек. Нәтижесінде әртүрлі тау жыныстары бар геологиялық қазына болды.

35-тен 45 сантиметрге дейінгі кішкентай тас ерекше қызығушылық тудырды. Ғалымдар  оны Атоко деп атады.

Зерттеушілер Атоко магманың жер асты қабатында пайда болған деп болжайды. Оны Марстың басқа аймағынан өзен ағысы әкелсе керек.