Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға келген хаттың бірінде келіншек қиын тағдырын баяндаған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Келіншек адвокатқа енесінен қорлық көріп жүргенін жазған.
"Тұрмысқа шыққаныма 6 жыл. 2 балам бар. Енеммен болмашы затқа күнде қырыламыз. Жұмыстан да шығарып алды. Онлайн жұмысқа да рұқсат бермейді. Енемнің ойынша, көп бала туып, үйдің тірлігін істеп оытруым керек. Менің ата-анам бірге көтерілген адамдар. Ал бұл отбасының әдебі басқаша",- делінген хатта.
Келіншек орамал тағуға мәжбүрлегенін де жазған.
"Мен бұлар секілді дінді қатты ұстанатын отбасыдан шықпадым. Қырылып жүріп орамал да таққызды",- дейді келіншек.
Еске салайық, бұған дейін кір жуғыш машинаны қолдануға тиым салынуы мүмкін екенін хабарлаған едік.