Bugin

Қайыр сұрайтындар күніне қанша табатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Qazaq Airan YouTube арнасы қайыршылардың арасында әлеуметтік сараптама жүргізді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тілші қайыр сұрап тұрған адамдардың жанына өзі де қайыршы ретінде барды. Бірақ ол маңдағылар жаңадан қатарына қосылған қызды қуып жіберуге тырысты. Сол қатарда қайыр сұрап отырған 3- топтағы мүгедек Ерлан Мұсаұлы сұхбат берді.

"Бүкіл халық үшін жауап бере алмаймын. Жалдамалы жұмысшымын. Жұма сайын мешітке келуіме тура келеді. Амал жоқ. Келіншегім де ауырады. Пәтер жалдап тұрамыз. Жұма сайын 30 мыңға дейін табуға болады. Қолы ашық адамдар болса егер. Ал кейде 5–6 мыңмен қайтамын",- деді ол.

Ерлан Мұсаұлы бұл ісіне өкінбейтінін айтты.

"Мен мүгелекпін. Қолы бар адамдар көмек берсін. Ұялмаймын. Амал жоқ.  Күн көру керек", - деді Ерлан Мұсаұлы.

Сонымен қатар Ерлан Мұсаұлы мұқтаждықтан бөлек қайыршылықты кәсіпке айналдырып алған адамдар барын да айтты.