Bugin

Әкімдіктегілер 4 миллионның затын 10 есе көп бағасына алмақшы болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Орал қаласының әкімдігі 4 млн теңге тұратын байланыс жабдығын 45 млн теңгеге сатып алғысы келген,- деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Бұл деректі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер анықтады. Қоғам белсенділерінің көмегімен бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.   

Ал Шымкент қаласында білім басқармасы мен бірнеше мектеп жетім балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыруды қайталап сатып алуға тырысқан. Еріктілер 78 млн теңгенің тиімсіз шығындалуының алдын алды.