Bugin

“Перзентханада жарылғыш зат бар”: жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда полиция жарылғыш зат туралы жалған хабар берген тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, осы жылдың ақпан айында қалалық төтенше жағдайлар қызметіне мас әйел телефон соққан. Ол қаладағы перзентханалардың біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлады. Комиссия тексерісі хабарламаның жалған екенін анықтады.

"Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, күдікті анықталды және “ізін суытпай” ұсталды. Медеу аудандық сотының үкімімен Н.есімді азаматша ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды",- делінген хабарламада. 

Әйел 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды.