Bugin

ҚазҰУ-да жас жігіт көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Университет сайтынан

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы субұрқақта болған.

Жігіт субұрқақта шомылған. Дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.

Бейресми деректерде марқұмның ҰБТ тапсырған 17 жастағы жасөспірім екені айтылуда.

Ал университет қайтыс болған жігіттің оқу орны студенті емес екенін айтады.

"Өлімнің алдын ала себебі – жүректің тоқтауы. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.