Bugin
Фото: Бейнеден алынған
Бетперделі жігіт жалғызбасты әкеге көмек қолын созды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бетперде таққан құпия жігіт егістікке арнайы барып, Мерген есімді адамды іздеген. Себебі оның кезекті кейіпкері — үш баласы бар жалғызбасты әке. Мергеннің екі көзі нашар (-9) көреді. Оның үстіне ұлы — үшінші топ мүгедегі.
"Жақында жолдасым өмірден озды. Ішінде 3,5 айлық сәбиі бар. Өзім жалдамалы жұмысшы болып істеймін. Қазір егістікте қырыққабат тереміз. Екі көзім де — минус 9. Үлкен балам да ихтиоз деген аурумен ауырады. Денесінде қара дақтары бар. Басымда баспана жоқ. "Времянкада" тұрамыз. Онда газ жоқ", - деді Мерген.
Жекебасын үнемі жасыратын жігіт жалғызбасты әкеге қомақты қаржы ұсынып, өзінің және баласының еміне бергенін айтты.
Қара бетперделі жігіт ер адамға өз кәсібін ашуға көмектесуге уәде беріп, үйдің кілтін де табыстады.
Мұндай қуанышқа Мерген есімді азамат жылап қалды.