Bugin
Фото: femmie.ru
Таңертеңгі оятқыштық даусы адам миын оятқанымен, денені оятпауы мүмкін. Сол себепті күнделікті таңғы жаттығу аса маңызды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алайда жаттығуды бірден көп жасап, ағзаға күш түсіруге болмайды.
Ең әуелі таңертеңгілік жаттығу орта есеппен 10-15 минутқа созылуы керектігін ескеру керек. Таңертең жылы суға түсіп, тазаланып, жылы сумен бетті жуу пайдалы. Одан бөлек, дәрігерлер жаттығуды бастардың алдында жылы су ішуді әдетке айналдыру керектігін айтады.
Жаттығуларды ғимаратқа қарағанда сыртта, таза ауада жасаған дұрыс. Сондай-ақ жаттығуға ыңғайлы киімдерді таңдау маңызды. Оның үстіне жаттығу жасау барысында денені қыздырып алу қажет.
Соңғы кеңес: жаттығуды күнделікті әдетке айналдырыңыз!