Bugin
Фото: Pixabay
Қарағандыда кішкентай бала терезеден құлап, жан тәсілім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Екі жасар бала терезедегі шыбын-шіркей торын итеріп, төртінші қабаттан құлап кеткен. Ал сол сәтте анасы үй шаруасын жасап жүрген.
Жедел жәрдем зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізгенімен өмірін сақтау мүмкін болмапты.