Bugin
Фото: depositphotos.com
Жердегі орташа температура Цельсий бойынша шамамен 16 градус, бірақ планетаның әртүрлі бөліктерінде ол әлдеқайда жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Bugin.kz тілшісі Trading Economics сайтына сілтеме жасап әлемдегі ең суық және ең жылы елдердің тізімін назарларыңызға ұсынады.
Рейтинг Дүниежүзілік банктің 2022 жылға арналған деректеріне негізделген.
Гренландия жер бетіндегі ең суық ел болып шықты. Елдегі -18,6 градус орташа температура ретінде есептеледі. Одан кейінгі орындарда Канада (-4,2 градус) мен Ресей (-2,9 градус). Бұл елдерде де ыстық нүктелер бар. Дегенмен солтүстіктігін алып жатқан үлкен аумақтар жалпы статистикаға әсер еткен.
Бір қызығы, суық елдер рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан да жоғары орындарға ие болды. Бұл олардың аумағының көп бөлігі таулы болуымен түсіндіріледі.
Ең суық 10 ел:
- Гренландия (-18,6°С);
- Канада (-4,2°С);
- Ресей (-2,9°С);
- Моңғолия (1,3°С);
- Исландия (2,1°С);
- Норвегия (2,9°С);
- Финляндия (3,2°С);
- Швеция (3,8°С);
- Қырғызстан (3,9°С);
- Тәжікстан (5,1°С).
Ең ыстық ел Батыс Африкадағы Буркина-Фасо екен. Ол елдің орташа температурасы 29,3 градус Цельсий.
Ең ыстық 10 ел:
- Буркина-Фасо (29,3°С);
- Мали (29,2°С);
- Катар (29,1°С);
- Сенегал (29°С);
- БАӘ (28,9°С);
- Мавритания (28,9°С);
- Бахрейн (28,8°С);
- Аруба (28,8°С);
- Джибути (28,6°С);
- Гамбия (28,5°С).