Bugin

"Қазгидромет" орталығы қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 19 маусымнан бастап қай аймақтарда құрғақшылық болуы мүмкін екеніне болжам жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және  Ұлытау облыстарында атмосфералық құрғақшылық болады. 

Ведомство хабарламасында: 

"Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында, Түркістан облысының Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай аудандарында, Қызылорда облысында Арал ауданында, Алматы облысының Балқаш, Жамбыл аудандарында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылықтың басталуы күтілуде",-делінген.