Bugin

Паранжа киген ер адамның ерсі әрекеті әшкереленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: qalampir.uz

Әлеуметтік желіде Ташкенттегі "Чорсу" базарында ер адам әйелдердің киімін киіп жүрген жерінен ұсталды деген хабар тарады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Qalampir.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан астанасында паранжа киген адамды  бетпердемен жүріп бара жатқан жерінен ішкі істер департаментінің қызметкерлері тоқтатқан. Тексеріс кезінде оның әйел емес, әйел киімін киген Ташкент облысының Боқа ауданында тұратын П.Б есімді азамат екені анықталды.

2023 жылдың 31 қазанында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қол қойған заңмен Қылмыстық және Әкімшілік жауапкершілік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Өзбекстанда бетті жабатын киім кигені үшін айыппұл салынады.

Заңға сәйкес қоғамдық орындарда бетін жапқан адамға 10-15 АЕК (3 миллион 300 мыңнан 4 миллион 950 мың сумға дейін) айыппұл салынады.