Bugin

Қытай басшысы өлімге соғыс ашқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Лайфхакер

Қытайдың бірінші императоры Цинь Ши Хуанди көптеген тарихи жетістіктерімен танымал. Оның басты мақсаты өлімді жеңу болды. Сондықтан б.з.б 210 жылы қайтыс болған билеуші тірі кезінде табыты орналасатын қолайлы орын дайындады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап. 

Ши Хуанди кесенесі әлемдегі ең үлкен кесене. Оның ауданы 57 шаршы шақырымды құрайды. Ол кесене “жерасты қаласы” деп те аталады.

2010 жылы кесененің орталығынан 18 ғимараттан тұратын үлкен сарай кешені табылған. Сарайды император қайтыс болғаннан кейін тұру үшін жасатқан.

Ал аты аңызға айналған терракоталық жауынгерлер Ши Хуандиге ақыретте соғыста көмектесуі керек деген түсінік болған. Кесенеде олардың 8 мыңнан астамы бар. Ол жерде жауынгерлер, жаяу әскерлер, аттылар мен күймелер бар. 

2011 жылы кешендегі қазба жұмыстары кезінде тоғыз бейіт табылған.

Қазіргі кезде қазба жұмыстары өте мұқият жүргізілуде. Археологтар сейсмикалық апаттан, сондай-ақ ауа-райының қолайсыздығынан және тонаушылардың басып кіруінен сақтану керегін айтады.