Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Abaibol YouTube арнасы қанды қылмыс туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Алматы облысының Қоңырөлең ауылында болған. Құдалық тойдың соңы өліммен аяқталды. 58 жастағы Есенбай Жаманқаранов пен туыс қарындасы Шолпан Ешімова тойдан қайтар жолда 2 жігіттің көлік тоқтатып тұрғанын көреді. Көлік иесі жолаушыларды алып кетті. Жолда 2 жігіт дәрет сындыру үшін көлікті тоқтатуды өтінген. Жігіттір қайта көлікке отырып жүргізушіге бірнеше рет пышақ сұғады. Ал қарындасы қашып үлгереді.
Шолпан Ешімова артына қарап, көліктің алыстап кеткенін байқайды. Ол оқиға болған орынға қайта барып, ағасының жансыз денесін көрді. Қылмыскерлер ер адамға 27 рет пышақ сұққаны анықталды.
Полицейлерден қашқан 2 жігіт көлікті игере алмай жол жиегіне аударылады. Көлік ішінен 11-сынып оқушылары Әбди Еркінбек және Найманбай Арнұр шығады.
Екі жігітте адам өлтірудің басты себебі жоқшылық екенін айтты. Мектеп оқушылары бірі 16 жылға, бірі 18 жылға бас бостандығынан айырылды.