Bugin

Жылу мен ыстық су ақысын төлемегендерге қандай шара қолданылады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Алматылықтардың жылу мен ыстық суға қарызы 2 млрд теңгеден асқандықтан енді жауапты мекеме мен әкімдік қызметкерлері шара қолданып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Бір қызығы, су ақысын төлемейтіндердің дені зәулім үйде тұратын қалталылар мен жеке кәсіпкерлер. Мейрамхана, қонақ үй, лаундж бар сынды 2 мыңға жуық мекеменің есепшоты бұғатталған.

Коммуналдық мекеме өкілдері тұтынушыларға төлем жасауға алдымен екі ай уақыт береді. Сол аралықта қарызын өтемегендердің ісін сотқа жіберіп, құбырын жабуға мәжбүр. Бүгіннің өзінде бірнеше жеке тұрғын үй мен мейрамхананы ыстық судан ажыратты. Арасында шешіммен келіспей қарсылық танытқандар да аз болмады. Жылу мен су ақысын төлемейтін осындай жауапсыздардың кесірінен жаңа жылу маусымына да дайындық ақсайды дейді коммуналшылар.

Алматы жылу жүйесінің коммерциялық директоры Бағдаш Нұрсейітов:

"Құрылыс жұмыстарының жүргізілуі және дайындығы, қыстық қазандық оттық шаралардың өткізілуі осы қарыздардың тез қайтарылуына байланысты. жеке тұлғалардың қарыздарына қатысты сот шешімдері шығарылып жатыр. Ыстық суды магистральдан бөлген жағдайда қайта қосылу үшін тағы айыппұл төлейді",-деп айтты.