Bugin
Фото: Жоғалған журналист. "Вечерняя Караганда" арнасынан
Қарағандыда журналист Максим Обедков 17 маусымнан бері жоғалып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Вечерняя Караганда" телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Дүйсембекова 61 мекенжайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.
Телеграм арнаның хабарламасында:
"Ерекшеліктері: бойы – 189 см, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде сұр джинсы шалбар, көк кроссовка, басында қара қалпақ болған.
Оны көргендерден мына телефондарға хабарласуын сұраймыз: +7 778 872 05 13, +7 708 352 64 60, +7 705 326 86 98 немесе 102",-делінген.
Осы уақытқа дейін Максим Обедков қалалық және республикалық газеттердің редакцияларында спорт журналисі болып жұмыс істеген.