Bugin
Фото: Kun.uz
Биылғы қажылық кезінде аптап ыстықты көтере алмай қаза тапқандар саны 1000-нан асты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Франс Пресс агенттігінің 20 маусымдағы мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қаза тапқандардың басым бөлігі – қажылық сапарға ресми тіркелмеген қажылар. Оқиға туралы мына сілтемедегі видеодан көре аласыз.
17 маусымдағы мәлімет бойынша, Сауд Арабиясының Мекке қаласында қажылық кезінде аптап ыстықтан 500-ден астам адам қайтыс болды. Олардың 320-сы Мысырдан келген. Ал 60 адамның Иорданиядан келгені анықталды.
Ұлттық метеорологиялық орталық осы аптаның басында Меккедегі Әл-Харам мешітінде ауа температурасы 51,8 градустан жоғары болғанын хабарлады.
Сауд Арабиясы үкіметінің мәліметінше, биыл 1,8 миллионға жуық адам қажылық парызын өтеуге ниет еткен екен. Оның 1,6 миллионы өзге елдерден келген. Ал биыл Қазақстаннан 5081 адам қажылыққа аттанды.