Bugin
Фото: depositphotos.com
Бүгін, 20 маусымда Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство хабарламасында:
"ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 20 маусымда Астана уақыты бойынша 14 сағат 36 минут жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 40.227 ш.б. 77.569 с.е. Жер сілкінісі ошағы Қытай және Қырғыстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335 км. жерде орналасқан",-делінген.
Алматы қаласында 2 балдық жер сілкінісі байқалған. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.