Bugin

"12 жастағы қыз қайтыс болды": Алматыда жүк көлігі екі кәмелетке толмаған қызды қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

17 маусымда Алматы облысының Байсерка ауылында жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан апалы-сіңлілерді қағып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kris.p.media телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Оқиға салдарынан 12 жастағы қыз қайтыс болды. 14 жастағы қыз ауыр жарақат алып, ауруханада жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, ГАЗ көлігін 46 жастағы жүргізуші басқарған. Бейсерке көшелерінің бірінде келе жатып, қарсы жолға шығып кетіп, оқушы қыздарды қағып кеткен.

Жергілікті тұрғындар соңғы жылдары ауылда бірнеше жасөспірім жүк көлігінің дөңгелегі астында қалып қойғанын айтты.

Марқұм қыздың ағасы:

"Бұл бірінші рет емес, мұндай апаттар бірнеше рет болған, бұл соңғы бір жылда жүк көлігінің қатысуымен болған 8-ші оқиға. Төлем жасамау үшін жүк көліктері ауылды аралап, бір-бірімен жарысып, бағдаршамды елемейді, соның кесірінен балалар өледі. Бізде кіреберісте бір ғана камера бар, одан басқа камералар жоқ. Біз жолды қауіпсіз етуіміз керек. Тағы қанша құрбан болуы керек?",-деп айтты.

Аудандық жол активтері бөлімі жақын арада 57 бейнебақылау камерасын орнататынын айтты. Алайда олар жасанды жол тосқауылдарын орналастыруға уәде бере алмады. Бірақ үкімет өкілдері бұл нұсқа қарастырылып жатқанын айтты.