Bugin
Фото: freepik.com
Павлодар облысында бейтаныс адам көлікке оқ атқан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыс орталығында жеке тұрғын үй секторында көше бойымен келе жатқан көліктен бейтаныс бір адам бөтен көлікке оқ атқан сәті видеоға түсіп қалған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде бұл жағдайға қатысты түсінік берді.
"Аталған факті солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Белгісіз адам пневматикалық қарудан автокөлікке оқ атқаны анықталды", - деп хабарлады полиция.
Полиция осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.