Bugin
Фото: ТЖМ
Ақтөбе облысында жүк көлігі өртеніп, жүргізушіні төтеншеліктер құтқарып қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар автожолының 794 шақырымында Хромтау ауданында дәрі-дәрмекпен тиелген жүк көлігінің өртенуі орын алды.
Құтқарушылар күшімен 1991 жылғы көлік жүргізушісі аман қалған. Оған жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлері көмек көрсеткен.
Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде өртті жойды. Өрттің себебі анықталуда.