Bugin
Фото: depositphoto.com
Синоптиктер 22-24 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдағы тәуліктерде Қазақстан Республикасының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауылды жел соғады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін. Қатты жаңбыр 22-23 маусымда еліміздің батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батысында, 22 маусымда еліміздің солтүстігінде жауады деп күтілуде.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+35 градусқа дейін, шығысында +31+39 градусқа дейін жоғарылайды. Еліміздің солтүстік-батысында +22+30 градусқа дейін, оңтүстігінде +30+38 градусқа дейін, оңтүстік-шығысында +25+38 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстігі мен орталығында +23+36 градус пен +28+38 градус аралығында ауа температурасы өзгереді.