Bugin
Фото: 24.kg
Қырғызстанда көлік суға құлап, алты бала қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі sputnik.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға кеше кешке Алтын ауылында болған. Көлікте ер адам, әйелі, оның әпкесі, кәмелетке толмаған 8 бала: ерлі-зайыптылардың 2017, 2018, 2020 және 2024 жылы туған балалары және әпкесінің 2015, 2018, 2019 және 2017 жылы туған төрт баласы отырған.
Шу облысының полиция департаменті ер адамның мас болғанын хабарлады. Бұрылыс кезінде көлік төбеден төмен түсіп, тоғанға құлаған.
Апаттан соң үш ересек адам мен екі бала аман қалды. "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.