Bugin

"Жарылыс болған": Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес жұмысшыны күйік шалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Оқиға орны. КТК арнасы

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының балқыту пешіндегі жалын жұмысшылардың беті мен қолын шарпыған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК  арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ферроқорытпа зауытындағы кен қыздыратын қазандықтан от шашыраған. Ұшқын төрт жұмысшының қолын күйдірген. Ал жалыннан 42 жастағы тағы бір азаматтың беті мен білегі күйген. Бірақ дәрігерлер оның "жарақаты жеңіл болған соң үйіне қайтардық" деп отыр.

Зауыттың медбикесі жұмысшылардың жарақатын таңып, жедел жәрдем шақырған. Өндіріс орнында болған оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр.

Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Нұрлан Әбішев:

"Күйік алған науқастарды жеткізді. Сол жерде жарылыс болып, жұмыс кезінде бесеуі келді. Оның біреуі амбулаторияға жіберілді , жарақаты аз болғаннан кейін. Қалған төртеуін жарақаттан емдеу бөлімшесіне жатқыздық. Жағдайы орташа ауыр. Ем-дом алып жатыр",-деп айтты.