Bugin

Енді елімізде кімдер жеңілдетілген автонесие ала алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Утилалымды алып тастау туралы өтінішті қарауға арналған баспасөз мәслихатында жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі tengriauto.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Салалық комитетінің өкілі Шыңғыс Сүйінбаев бағдарламаның револьверлік негізде жұмыс істейтінін және ай сайын 250-300-ден астам көлік шығатынын атап өтті. Дегенмен, көптеген шағымдар бойынша бағдарлама шарттарын қайта қарау жоспарлануда.

Комитет өкілі Шыңғы Сүйінбаев:

"Бізде 4 пайыздық мемлекеттік бағдарлама бар, ол жерде кезекке тұрасың, банктерге хабарласасың. Енді оны қайта қарағымыз келеді, өйткені көп шағым түсті.  Жеңілдік ала алмай жүрген көп балалы отбасыларға басымдық бергіміз келеді. Банктерге құзырымыз жүрмегендіктен нарықтағы бағаны реттеуге тырысып көреміз.  Қазір бұл мәселені Сенат депутаттары да, Мәжіліс депутаттары да көтереді", - деп түсіндірді.

Сүйінбаевтың айтуынша, жеңілдетілген несие алуда әлеуметтік мұқтаж азаматтарға басымдық беру үшін жалақы өлшемдерін енгізу жоспарлануда. 

Индустрия және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков бағдарламаны қайта қарау қажеттігін қуаттап, оның екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істейтінін баса айтты. 

Сапарбеков:

“Біз мемлекеттік қаражатты әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Айына 200-250 көлік көлемі жеткіліксіз. Бірақ бюджеттік мүмкіндіктер шектеулі екенін түсінуіміз қажет. Бұл ақшаны пайдалана алатын басқа да бастамалар бар. Бағдарламаға қосымша инъекциялар жоспарланбайды. Бірақ біз айналымдық негізде қаражат аламыз, ал Қазақстанда ай сайын орта есеппен 250-ге жуық автокөлік сатып алынады. Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істейді, сондықтан қосымша ақпарат алу үшін осы бағдарламаға қатысушы банктерге хабарласуға болады”, -деді.