Bugin
Фото: Жоғары сот
Елорда тұрғыны Бишимбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені жымқыру бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрауларына байланыстыдеректерді жариялады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны "Г"-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті. Сонымен қатар күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды.
Ведомство хабарламасында:
"Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі",-делінген.