Bugin
Фото: freepik.com
Ақсуда 16 жастағы қызды көлік қағып кетті. Ол иық сүйегінің жабық жарақатымен ауруханада жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 маусымда сағат 19:11-де Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккен 2008 жылы туған қыз жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
"Кезекші травматологтардың қаралуынан кейін сол жақ иық сүйегінің жоғарғы бөлігінің жабық сынуы деген диагнозы қойылды", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.