Bugin

72 жастағы қария банкке 7 млн қарыз болып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақмола облысының полицейлері азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 19 маусымда Ақмола облысының тұрғынының атына белгісіз адам, “ұялы байланыс компаниясының қызметкері” ретінде 7 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеген.

"Зардап шеккен 72 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші Қосшы қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Зейнеткердің айтуынша, ер адам оған SIM картасының қызмет мерзімін ұзартуды ұсынған және SMS-ке келген код жазуды сұраған. Әрі қарай, жәбірленушіге жетекші банктің жалған қызметкерлерінен оның атынан несие алуға өтінім туралы жалған ақпарат келіп түсе бастады, оның күшін жою үшін ер адам жеке ЖСН мен жұбайының ЖСН-ін хабарлауы қажет екенін айтқан. Алаяқтардың бірқатар нұсқауларын орындағаннан кейін, ер адам қылмыскерлер оған және оның жұбайына несие алғанын білді",- делінген хабарламада.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция департаменті алаяқтардың айлаларынан сақ болуға шақырады.