Bugin
Фото: freepik.com
Бойжеткен туысын тонап кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, сейфтен алтын бұйымдардың жоғалғанын жеткізген. Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа жәбірленушінің туысқанының қатысы бар екенін анықтады.
"Тергеу барысында 21 жастағы қыздың туыстарының үйінде уақытша тұрып жатқаны және сейфтің кілттерінің қайда орналасқанын білетіні белгілі болды. Қожайындарының жоқтығын пайдаланған күдікті шамамен 3 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып, "ізін суытқан"",- делінген хабарламада.
Бойжеткен ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, басқа қалаға кетіп те үлгерген.