Bugin

Астанада бала күтуші сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада бала күтуші екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанада екі жасар баланы өлтірді деген күдікпен 38 жастағы бала күтуші ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бала қылқындыру салдарынан өлді деген болжам айтылған.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, - деп түсіндірді Астана ПД өкілдері.