Bugin
Фото: freepik.com
Шымкенттегі дендросаябақтың басшылығы мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан арнасына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл депараментінің мәліметінше, саябақ директоры, кадр бөлімінің басшысы мен бас бухгалтер 15 миллион теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденбек болған. Олар қызметкерлерді жұмысқа қағаз жүзінде ғана алып, жалақысын өздері алып келген.
Тексеруден соң саябақ басшылығы алаяқтық әрекетін мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толық өтеді.
Іс сотқа жолданды.