Bugin
Фото: freepik.com
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аймағында қаза болған мектеп түлегіне қатысты тың дерек шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Университет басшылығы қайғылы оқиғаға қатысты алғаш рет түсініктеме берді.
"Субұраққа бірнеше бала келген. Бірақ арасында сол бала ғана суға түскен. Оны судан сол жанындағы балалар алып шыққан. Кісі өлімі себебін медициналық сараптама анықтайтын болады. Жалпы, мында "суға түсуге тыйым салынады" деген жазу төрт жағында жазылған. Себебі универститет аумағы көркем әрі жайлы болғандықтан тұрғындар мен студенттер мұнда еркін жүреді. Олардың қауіпсіздігі үшін міндетті түрде сол белгілерді қойғанбыз. Университетіміздің аумағында болған оқиғаға байланысты марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз",- деді әл -Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Еркін Дүйсенов.
Еске салайық, бұған дейін университетке ҰБТ тапсыруға барған бала қаза болғанын хабарлаған едік.