Bugin
Фото: freepik.com
Ақтөбе қаласы прокуратурасы өкілдері балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптары бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы қадағалау органына сілтем жасап.
Қадағалау органы мәліметінше, Ақтөбе қаласындағы "Актөбе" және "Ақжар" пансионаттарының тәрбиеленушілерінің жеке істерін зерделеу барысында, тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны, сонымен қатар жеке істерінде діни жазбалары бар дәптерлердің бар екені анықталды.
"Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді. Қайырымдылық мекемелері қызметінің діни бейімділігі, балалар мен тәрбиешілердің сауалнамаларымен де расталды. Сонымен қатар обьектілерде санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, еңбек заңнамасының талаптары бұзылған", - делінген хабарламада.
Аталған мекемелер өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жүзеге асырған.