Bugin

Уақытша ұстау изоляторында қыз зорлаған басшыға сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

ШҚО-да Қыз зорлады деп айыпталған уақытша ұстау изоляторын бұрынғы басшысы Ақсартов 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы Дина Таңсәрі жазды.

2022 жылдың мамыр айында қызды уақытша ұстау изоляторының бастығы Ақсартов аяусыз ұрып-соғып, зорлағаны туралы белгілі болған.

Жәбірленушінің денесінде зорлау белгілерінен бөлек төс сүйегінің сынуы, ми жарақаты және гематомалар болған. 

2023 жылдың 29 мамырында Риддер қалалық сотының судьясы Ноғаев сотталушыны ақтады. Ал 2023 жылдың шілде айында апелляциялық сот өтті. Бұл сотта сотталушы тағы да ақталып шыққан. Артынша жоғарғы сот іс материалдарымен танысып, істі тергеуге қайтадан қайтарып, осыған дейінгі сот үкімдерін күшін жою туралы шешім қабылданды.

“Сотқа дейінгі тергеуді мұқият жүргізгені үшін ШҚО ішкі қауіпсіздік басқармасының тергеушісі полиция капитаны Кеңесбек Зәуре, ШҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Сағдолдаевқа алғыс білдіреміз. Жәбірленушінің адвокаты Мәншүк Медихановаға және Әжібек Қайрат қорғаған прокуратураға рахмет. Бұл өте қиын іс болды”, – дейді Дина Тәңсәрі.