Bugin
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында дельтаплан апатқа ұшырар, ұшқыш қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бұл оқиғадан бөлек, кеше, 21 маусымда да Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонған.
"Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды. Зардап шеккендер жоқ",- делінген хабарламада.
Ведомство авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес бұл оқиға да авиациялық оқиға ретінде қаралатынын айтты.