Bugin

Бозбаланы зорлады: мәнерлеп сырғанаушы қыз жарыстардан шеттетілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Оңтүстік Кореяның Конькимен жүгіру спорты федерациясы құрамасының екі өкілі жарыстардан шеттетілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы

Италиядағы жаттығу жиынында спортшы қос бойжеткен ішімдікке сылқия тойып, олардың бірі конькимен мәнерлеп сырғанаушы жасөспірімді күштеп төсек қатынасына тартқан. Ал екіншісі оқиғаны видеоға түсірген.

21 маусымда Конькимен жүгіру спорты федерациясының отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша айыпты қызды спорттан үш жылға шеттету туралы шешім қабылданды. Екінші мәнерлеп сырғанаушы да спорттық жиындар аумағында спирттік ішімдік тұтынғаны үшін жарыстардан шеттетілді.

Енді олар Миландағы (Италия) 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Зардап шеккен жасөспірімге қатысты қалыптасқан режимді бұзғаны үшін сөгіс берілді, өйткені ол қыздар жатақханасына өз бетімен барған.