Bugin
Фото: freepik.com
Түркістан облысында тұратын әйел Fаcebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін қомақты сомада айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйел мектеп басшысылығын жазықсыз кінәлаған. Сотта Fаcebook қолданушысы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылды.
"Сот құқық бұзушының жүктілігін және шын жүректен өкінгенін, жәбірленушіден және соттан кешірім сұрағанын ескере отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты", - деп хабарлайды Түлкібас аудандық соты.
Әйелге 465 192 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.