Bugin
Фото: Помпей археологиялық саябағы/Италияның мәдениет министерлігі
Италияда ежелгі қабырғаға өз атын ойып жазған қазақстандық турист ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Euronews ақпарат порталына сілтеме жасап.
Қазақстаннан барған турист Помпей археологиялық саябағындағы Цей үйінің қабырғасына "ӘЛИ" деп есімін ойып жазған. Осы кезде қауіпсіздік қызметі оны көріп қойған.
Туристтің әрекеті карабиньерлерге хабарланған. Зиян шығыны бағалағаннан кейін ол келтірілген залалды өтейтін болады.
Саябақ директоры Габриэль Зухтригель туристер қабырғаны қалпына келтіру үшін ақы төлеуі керек екенін айтты.