Bugin

Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

21 маусымнан бастап Павлодар облысында Ертіс өзеніне шомылу кезінде суға батып кеткен ер адамның денесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Павлодардың "VITA" еріктілер ұйымына сілтеме жасап. 

"Бүгінгі таңда Павлодар облысында 32 және 38 жастағы екі ер адамның денесі іздестіріліп жатыр. Екеуі де  жабайы жағажайларда болып, суға шомылған. Олардың бірі 21 маусымда Железин ауданы Башмачное ауылында Ертіс өзеніне демалуға барған. Екінші жағдай Шідерті ауылының маңындағы Сәтбаев атындағы арнада орын алды. Құтқарушылардың айтуынша, ер адам 22 маусымда таңғы 10 шамасында суға батып кеткен. Іздеу жұмыстары жалғасуда", - деді еріктілер.

Павлодар облысы ТЖД суға түсуге тыйым салынған жерге шомылмауды ескертеді.